Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Қазақстан чемпионаты: 17 жастағы Ермакова жастар арасындағы рекордты жаңартты

18.01.2018

118
Қазақстан чемпионаты: 17 жастағы Ермакова жастар арасындағы рекордты жаңартты Фото - VKsport.kz

Өскеменде өткен жабық кешендегі Қазақстан чемпионатында сырықпен секіруден 17 жастағы Анастасия Ермакова топ жарды.

Алматылық атлет әзірге спорттық карьерасындағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Ол бұған дейін 3.80 метрден асып көрмеген еді. Бұл жолы 3.81 метрге секірді.

Бұл жолы да негізгі бәсекелестік Виктор Горбуновтан тәлім алатын Анастасия Ермакова мен Яна Тойбаева арасында өрбіді. Тойбаева 3.40 метрден бастап, 3.50 мен 3.60 метрлерді оңай бағындырды. Одан кейін алғашқы мүмкіндігінде-ақ 3.70 метрді оңай бағындырды. Ал Ермакова бұл межеге жету үшін екі рет секіруге тура келді.

Ал 3.81 метрге талпыныста тек Ермакованың жолы болды. Сөйтіп, ол жастар арасындағы ең үздік нәтижені тіркеді. Бұған дейін рекорд 3.80 метр болатын.

Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты. Өскемен.

Сырықпен секіру, әйелдер:

1.      Анастасия Ермакова (Алматы) – 3.81

2.      Яна Тойбаева (Алматы) – 3.70

3.      Ярослава Вислобокова (Алматы) – 3.40.

Тізімге қайта оралу