Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Қазақстан чемпионаты: 3000 метрге жүгіруден Нерознак пен Красилов тең келер ешкім болмады

18.01.2018

101
 Қазақстан чемпионаты: 3000 метрге жүгіруден Нерознак пен Красилов тең келер ешкім болмады

Өскеменде өткен жабық кешендегі Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күнінде 3000 метрге жүгіруден ешқандай сенсация орын алған жоқ.

Ерлерден Михаил Красилов, әйелдерден Татьяна Нерозак тағы бір өздерін елімізде үздік екенн дәледеді.

Татьяна екінші орындағы Виктория Сергеевадан 40 секундқа озып кетті. Қостанайлық атлет биылғы қысқы маусымда осымен төртінші алтынын жеңіп алды. Ол Қазақстан кубогы мен чемпионатында 1500 және 3000 метрге жүгірген болатын. Ол бұл жолы Қазақстанның жаңа рекордын жаңартты. Нерознак 3 шақырымды 9.17,94 минутта жүгіріп өтті. Бұған дейінгі рекорд қарағандылық Валентина Шатейкоға тиесілі болып келген  (9.20,95 мин).

Ерлерден Красиловтан кейінгі екінші және үшінші орынды Дмитрий Иванчуков пен Саид Сулайманов өзара бөлісті.

Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты. Өскемен.

3000 метрге жүгіру, әйелдер:

1.     Татьяна Нерознак (Қостанай облысы) – 9.17,94 мин

2.     Виктория Сергеева (СҚО) – 9.59,54 мин.

3.     Ольга Богомольская (Павлодар облысы) – 10.05,10 мин.

3000 метрге жүгіру, ерлер:

1.     Михаил Красилов (Жамбыл облысы) – 8.29,94 мин.

2.     Дмитрий Иванчуков (Жамбыл облысы) – 8.32,70 мин.

3.     Саид Сулайманов (ОҚО) – 8.33,37 мин.

Тізімге қайта оралу