Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

10

Күн
Джакарта, Индонезия
Қазақстан чемпионаты: Дубовицкий мен Филиппов үздіктер қатарынан көрінді Фото- VKsport.kz
211

Қазақстан чемпионаты: Дубовицкий мен Филиппов үздіктер қатарынан көрінді

Өскеменде өтіп жатқан жабық кешендегі Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күнінің нәтижелері белгілі.

Әйелдер арасында биіктікке секіруден семейлік Надежда Дубовицкая жеңіске жетті. Семей қаласының тумасы Қазақстан кубогында 1,82 метрге секірген еді. Бұл жолы көрсеткіші 2 сантиметрге төмен.

Дубовицкая жарысты 1,65-тен бастап, 1,80-ге дейін жетті. Өкініштісі, үш рет ұмтылса да, 1,85 метр секіре алмай қойды.

15 қаңтар, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты.

Биіктікке секіру, әйелдер:

1.     Надежда Дубовицкая (ШҚО) – 1,80 м

2.     Александра Кривицкая (ШҚО) – 1,70 м

3.     Кристина Овчинникова (Алматы) – 1,65.

Ерлер арасындағы сырықпен секіру сайысында тағы да Алматы қаласының тумасы Никита Филиппов пен қарағандылық Данил Полянский арасында өрбіді. Кубокта екеуі де 5,20 метрге секіргенімен, қосымша көрсеткіштерге сәйкес соңғы жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы 2015 жылғы жазғы Универсиада чемпионы Никита 5,40 метрмен қарсыласынан басым түсті. Ол кейіннен 5,55 метрге ұмтылғанымен, бағындыра алмады. Полянский жарысты 5,10 метрмен аяқтады.

15 қаңтар, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты.

Сырықпен секіру, ерлер:

1.     Никита Филиппов (Алматы) – 5,40 м

2.     Данил Полянский (Қарағанды облысы) –5,10 м

3.     Иван Товченик (Алматы) – 4,70 м.

Тізімге қайта оралу