ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
Қазақстан чемпионаты: Жетісайыстан Евгений Марченко жеңіске жетті
208

Қазақстан чемпионаты: Жетісайыстан Евгений Марченко жеңіске жетті

Өскеменде өтіп жатқан жабық кешендегі Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күнінде ерлер арасында жетісайыстың жеңімпазы анықталды.

Ольга Рыпакова атындағы манежде бес спортшы өнер көрсетті. Кеше жалпы есепте Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Фархад Қыстаубаев бірінші орында тұрған еді. Ол алғашқы төрт сайыс түрінен кейін 2670 ұпай жинған болатын. Бірақ бүгін Қыстаубаевтың нәтижелері мардымды болмады.

Онсайыстан 2017 жылғы Қазақстан чемпионы Марченков 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, сырықпен секіру және 1000 метрге жүгіруден кейін Фархадтан 53 ұпайға озып кетті. Ал соңғы сайыстан соң, тіптен арақашықты ұлғайта түсті. Жалпы есепте 4269 ұпай жинаған Евгений 2018 жылғы жабық кешендегі Қазақстан чемпионы атанды. Екінші орында Қыстаубаев болса, үздік үштікті Александр Касьянов қорытындылады.

15-16 қаңтар. Өскемен. Қазақстан чемпионаты.

Жетісайыс(ерлер):

1.     Евгений Марченков (Алматы) – 4 269 ұпай

2.     Фархад Кыстаубаев (СҚО) – 4 183 ұпай

3.     Александр Касьянов (Алматы) – 4 142 ұпай.

Тізімге қайта оралу