ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
 Қазақстан чемпионаты: Кашафутдинова тағы да Зябкинадан озып кетті
234

Қазақстан чемпионаты: Кашафутдинова тағы да Зябкинадан озып кетті

Өскеменде өтіп жатқан жабық кешендегі Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында 60 метрге жүгіргендердің арасында Рима Кашафутдинова жеңіске жетті.

Қазақстан кубогымен салыстырғанда чемпионатқа қатысушылар саны көбірек. Ашық чемпионат болғандықтан Қырғызстаннан Анна Буланоа да келген екен. Ол спринтерлік қашықтықтан бөлек, ұзындыққа секіруден де өз бағын сынап көрді.

Бұл сайыста бәсекелестік Виктория Зябкина мен Рима Кашафутдинова арасында өрбіді. Қарағандылық спортшы кубокта бірінші орын алған болатын. Бұл жолы да Рима тәжірибелі қарсыласынан озып кетті (7.42 с).

– Бұдан да жылдам жүгіргім келеді. Өз нәтижеме көңілім толмады. Көрсеткішім кубоктағыдан да төмен болды. Әзірге бірдеңе дұрыс емес сияқты көрінеді. Дегенмен алдағы уақытта барлығын жақсарта алатын сияқты сезінемін. Егер  бұл қашықтықты 7,30 секундта жүгіре алсам, жоспарым жүзеге асар еді. Алда Азия чемпионаты. Соған дайындаламыз, – дейді Р.Кашафутдинова.

Ерлер арасындағы 60 метрдің алтынын Қарағанды облысының атынан қатысып жатқан Владислав Григорьев пен Виталий Земс өзара сарапқа салды. Қазақстан кубогында Григорьевтің жолы болған еді, бұл жолы Земстардың үлкені жеңісті жұлып алды.

15 қаңтар, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты.

 60 метр, ерлер:

1. Виталий Земс (Қарағанды облысы) – 6.90;

2. Владислав Григорьев (Қарағанды облысы) – 6.94

3. Джамалдин Мусаев (Қырғызстан) – 6.98.

60 метр, әйелдер:

1. Рима Кашафутдинова (Қарағанды облысы) – 7.42:

2. Виктория Зябкина (Алматы) – 7.50;

3. Анна Буланова (Кыргызстан) – 7. 53.

Тізімге қайта оралу