Қазақстан чемпионаты: Михаил Литвиннің жеке бенфисі Фото – Константин Князевич

Қазақстан чемпионаты: Михаил Литвиннің жеке бенфисі

Алматыда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында 400 метрге жүгіргендер арасында ешқандай сенсация тіркелген жоқ.

Михаил Литвиннің биылғы маусымдағы қарқыны қуантады. Қосанов Мемориалында Қазақстан рекордын жаңартқанын жазған едік. Бұл жолы ел чемпионатында халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативінің көрсеткішімен бірдей жүгірді. Солтүстік Қазақстан облысының атлеті мәреге 46.18 секундта жетті. 21 жастағы атлет айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті.

Ал екінші орынға таласқа бәсекелестік өте жоғары болды. Олардың арасында ШҚО спортшысы Андрей Соколовтың бағы жанды (47.50). Үштікте керекулік Сергей Зайков бар (47.71).

23 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 400 метрге жүгіру.

Ерлер:

1.Михаил Литвин (СҚО) – 46.18 сек.

2.Андрей Соколов (ШҚО) – 47.50 сек.

3.Сергей Зайков (Павлодар обл) – 47.71 сек.

Әйелдерден ұлттық құрама көшбасшылары Элина Михина мен Светлана Голендова қатысқан жоқ. Сондықтан 20 жастағы қарағандылық Любовь Ушакова тізгінді өз қолына алды. Оның уақыт көрсеткіші 55.41 секунд. Күміс медаль Ушакованың жерлесі Ажелина Ахметоваға бұйырды. Үшінші орынға Түркістан облысынан келген Айдана Тұрсын тұрақтады.

23 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 400 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.Любовь Ушакова (Қарағанды обл.) – 55.41 сек.

2.Аделина Ахметова (Қарағанды обл.) – 56.64 сек.

3.Айдана Тұрсын (Түркістан обл.) – 56.91 сек.

Тізімге қайта оралу