Қазақстан чемпионаты. Назарова, Нүсіпбекова, Потапова үздіктер қатарында Фото авторы – Константин Князевич

Қазақстан чемпионаты. Назарова, Нүсіпбекова, Потапова үздіктер қатарында

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында диск, найза, балға лақтыру сайыстарында ешқандай сенсация тіркелген жоқ. Құрама көшбасшылары айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті.

Балға лақтырудан Алматы қаласының намысын қорғап жүрген Диана Нүсіпбекова екінші орындағы Екатерина Нестровадан 10 метрге озып кетті. Диана осы маусымда алғаш рет 60.23 метрге лақтырды. Бұл спорт шеберінің нормативінің көрсеткіші. Спортшының алты мүмкіндігінің бесеуін тиімді пайдаланды.

Найза лақтыруда да жағдай дәл солай. Шығыс Қазақстан облысының атлеті Варвара Назарова маңғыстаулық Мария Семеновадан 12 метрге озып кетті. Алайда Назаровның көрсеткіші мамандардың көңілінен шыққан жоқ (46.67 м).

Диск лақтыру сайысына ұлттық құрама үздігі Мария Телушкина қатыспады. Себебі, ол Санкт-Петербург қаласында емдеу курсынан өтеуге кеткен. Бірінші орын қарағандылық Сабина Потаповаға бұйырды – 37.00 м.

23 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. Әйелдер.

 Диск лақтыру:

1.Диана Нүсіпбекова (Алматы) – 60.23 м

2.Екатерина Нестерова (Қараганды обл.) – 50.41 м

Найза лақтыру:

1.Варвара Назарова (ШҚО) – 46.67 м

2.Мария Семенова (Маңғыстау обл.) – 34.54 м

3.Диана Гейнц (Павлодар обл.) – 33.89 м

Диск лақтыру:

1.Сабина Потапова (Қарағанды обл.) – 37.00 м

2.Алина Воронцова (Алматы) – 33.85 м

3.Диана Нүсіпбекова (Алматы) – 32.70 м

Тізімге қайта оралу