Қазақстан чемпионаты: Үш қарғып секіруден Эктова мен Валиев жеңіске жетті
225

Қазақстан чемпионаты: Үш қарғып секіруден Эктова мен Валиев жеңіске жетті

Өскеменде өткен жабық кешендегі Қазақстан чемпионатында үш қарғып секіруден әйелдер арасында Ирина Эктова, ерлерден Роман Валиев жеңіске жетті.

Қаза

қстан кубогында өнер көрсеткен спортшылардың барлығы чемпионатта да өнер көрсетті. Нәтижелерінде де аса өзгеріс жоқ. Әсіресе, ерлердің нәтижесіне бапкерлердің көңілі толған жоқ.

Жігіттер жағы тағы да 16 метрден әрі аса алған жоқ. Ұлттық құраманың ардагер спортшыларының бірі Роман Валиев бір рет ғана сәтті секіре алды. Көрсеткіші – 15.61. Осы нәтижесінің арқасында чемпион атанды.

Әйелдерден Ирина Эктова алғашқы мүмкіндігінде 13.89 метрге секірді.  Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Қазақстан кубогын 13.75 метрмен аяқтаған болатын.

Ал Мария Овчинникова әзірге өзін толық көрсете алмай жүр. 2017 жылғы Азия чемпионы бұл жолы 13.11 метрмен шектелді. Үздік үштікті Мария Хусейнова қорытындылады.  

16 қаңтар. Өскемен. Қазақстан чемпионаты.

Үш қарғып секіру, ерлер:

1. Роман Валиев (Павлодар облысы) – 15.61;

2. Владимир Потоцкий (ОҚО) – 14.64;

3. Вадим Новаченко (Алматы) – 14.38.

Үш қарғып секіру, әйелдер:

1. Ирина Эктова (СҚО) – 13.89;

2. Мария Овчинникова (Қарағанды облысы) – 13.11;

3. Марина Хусейнова (Алматы) – 12.00.

Тізімге қайта оралу