Қазақстан кубогы: 1500 метрдің жеңімпаздары – Нерознак пен Сулайманов Фото - Vksport.kz

Қазақстан кубогы: 1500 метрдің жеңімпаздары – Нерознак пен Сулайманов

Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде 1500 метрге жүгіргендердің арасында жеңімпаздар анықталды.

Әйелдерден жарыс жолына 4 спортшы ғана шықты. Сондықтан жоғары деңгейдегі бәсекелестікті байқай қойған жоқпыз. Бұған дейін 2014 және 2016 жылдары жабық кешендегі Азия ойындарында 800 метрге жүгіріп, екі мәрте қола жүлде алған Татьяна Нерознак осы жылы 1500 метрге ауысқан болатын. Қостанайлық атлетке жаңа қашықтық та кедергі келтірген жоқ. Алғашқы минуттан көшбасшылықты қолға алған Татьяна мәреге бірінші болып жетті. Ол екінші орындағы Евгения Фандюшинадан (Павлодар обл.) айтарлықтай озып кетті. Қола жүлде тағы бір керекулік Ольга Богомольскаяға (также – Павлодарская обл.) бұйырды.

Ерлерден 13 атлет қатысты. Олардың арасында 19 жасты Саид Сулайманов жеңіске жетті. Екінші және үшінші орынды оның құрдастары Александр Попов (Алматы обл.) пен Әнуар Ерғазы (Алматы) өзара бөлісті.

Қазақстан кубогы, бірінші кезең. 10 қаңтар. Өскемен.

1500 метрге жүгіру, ерлер:

1.     Саид Сулайманов (ОҚО) – 3.57,96 мин.

2.     Александр Попов (Алматы обл.) – 3.58,92 мин.

3.     Әнуар Ерғазы (Алматы) – 3.59,92 мин.

1500 метрге жүгіру, әйелдер:

1.     Татьяна Нерознак (Қостанай обл.) – 4.20,28 мин.

2.     Евгения Фандюшина (Павлодар обл.) – 4.38,75 мин.

3.     Ольга Богомольская (Павлодар обл.) – 4.48,26 мин.

   

Тізімге қайта оралу