Қазақстан кубогы: 400 метрге жүгіруден Михина мен Соколов топ жарды Фото - Vksport.kz
251

Қазақстан кубогы: 400 метрге жүгіруден Михина мен Соколов топ жарды

Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде 400 метрге жүгірген спортшылар арасындағы жеңімпаздар анықталды.

Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан кубогында әйелдер арасында 400 метрге жүгіргендердің ішінде жергілікті спортшы Элина Михина мәреге бірінші болып келді. Риддер қаласының тумасының уақыт көрсеткіші – 50.04 секунд. Екінші орын Светлана Голендоваға бұйырды. Ол бұған дейн 100 және 200 метрге жүгірген. Үздік үштікті қарағандылық Аделина Ахметова қорытындылады.

Ерлерден Андрей Соколов топ жарса, керекулік Игорь Кондратьев екінші келді. Қола жүлдені Сергей Зайков еншіледі.

Қазақстан кубогы, бірінші кезең. 10 қаңтар. Өскемен.

400 метрге жүгіру, әйелдер:

1. Элина Михина (ШҚО) – 50.04

2. Светлана Голендева (Жамбыл обл.)- 54.29

3. Аделина Ахметова (Қарағанды обл.) – 56.36

400 метрге жүгіру, ерлер:

1. Андрей Соколов (Алматы) – 48.42

2. Игорь Кондратьев (Павлодар) – 48.95

3. Сергей Зайков (Павлодар) – 49.24.

Тізімге қайта оралу