Қазақстан кубогы: Ғабдығалиев пен Архипов арасындағы өзара тартыс қызықты өтті

Қазақстан кубогы: Ғабдығалиев пен Архипов арасындағы өзара тартыс қызықты өтті

Өскеменде өткен Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде 800 метрге жүгіруден ерлер арасында Думан Ғабығалиев, әйелдерден Евгения Фандюшина жеңіске жетті.

Фандюшина 10 қаңтар күні 1500 метрге жүгіруден Татьяна Нерознактан кейін екінші орын алып еді. 11 қаңтарда ол 800 метрге жүгіруден үздік шықты. Бұл қашықтықта өнер көрсеткендер арасында алматылық Мерджен Ишангулиева бар. Ол өткен маусымда 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген болатын.

Жаңа жылдан бастап, Мерджен жаңа қашықтыққа бағынды сынауды жөн көріп отыр. Өскемендегі алғашқы жарысында Ишангулиева қола жүлдені қанағат тұтты.

Екінші орынды қарағандылық Варвара Лисичкина еншіледі. Өткен жылы қысқы маусымда жақсы нәтижені осы Варвара көрсеткен болатын. Кейіннен ол уақыт көрсеткішін жақсартып, мамыр айында Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Бірақ Лисичкина маусымды ерте аяқтап, АҚШ-қа оқуға аттанып кетті. Жарты жылдық курстан соң, елге қайтып оралды. Қыркүйек айының ортасынан бері қысқы маусымға дайындықты бастаған еді.

 Лисичкинаның Өскемендегі көрсеткіші алғашқы жарыс үшін жаман емес. Алайда жеңіске жету үшін жеткіліксіз болды. Ол Евгения Фандюшинаға есе жіберіп қойды.

Ерлерден бас жүлдені Думан Ғабдығалиев пен Евгений Архипов өзара сарапқа салды.Мәреге дейін бәсекелестікті қыздырған екі спортшы арасындағы тартыста Думан аздаған басымдықпен жеңіске жетті.

Қазақстан кубогы, бірінші кезең. 11 қаңтар. Өскемен.

800 метрге жүгіру, ерлер:

1.     Думан Габдыгалиев (Қарағанды обл.) – 1:53.3;

2.     Евгений Архипов  (ШҚО) – 1:53.7;

3.     Дамир Ахметов (Қарағанды обл.) – 1:54.3.

800 метрге жүгіру, әйелдер:

1.     Евгения Фандюшина (Павлодар обл) – 2:11.88;

2.     Варвара Лисичкина (Қарағанды область) – 2:12.82;

3.     Мерджен Ишангулиева (Алматы) – 2:17.78. 

Тізімге қайта оралу