ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
 Қазақстан кубогы: Фавориттер еш күмәнсіз жеңіске жеткен сайыс түрлері
182

Қазақстан кубогы: Фавориттер еш күмәнсіз жеңіске жеткен сайыс түрлері

Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күнінде ядро серпуден Иван Иванов, 1500 метрге жүгіруден Татьяна Нерознак, 400 метрге жүгіруден Михаил Литвин мен Элина Михина еш күмәнсіз жеңіске жетті.

Ерлер арасындағы ядро серпу сайысы тағы да жалғыз актері бар театрға ұқсап кетті. Алматы облысының спортшысы Иван Иванов айқын басымдықпен қарсыластарынан озып шықты. Бұл жолы ол ел чемпионатын 19,17 метрмен аяқтады.

– Қазақстан чемпионатын сәтсіз болды деп айта алмаймын. Мысалы, Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіске жетуіме 19,60 метр серпігенім жеткілікті болды. Сондықтан дәл қазіргі кезде халықаралық жарыстарда жүлделі орынға ілігетін нәтижені көрсетіп жүрмін деп ойлаймын. Әрине, Қазақстан кубогы жеңіл өтті. Бірақ үнемі көрсеткішінді артырып отыра беру де оңай емес. Бір қуантатыны, тұрақтылық бар. Азия чемпионатына деген сенімділік жоғары. Енді 20 қаңтарда Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнрге қатысамыз, – дейді Иван Иванов.

Қазақстан чемпионаты. 15 қаңтар. Өскемен.

Ядро серпу, ерлер:

1. Иван Иванов (Алматы облысы) – 19.17 метр;

2. Евгений Миловацкий (Маңғыстау облысы) –  14.97;

3. Александр Мамонтов (Алматы) – 13.66.


400 метрге жүгіруден еліміздегі дәл қазіргі таңдағы ұлттық құрама көшбасшылары кезекті рет өз мықтылықтарын көрсетті. Ерлер арасында Михаил Литвин кезекті рет ел чемпионы атанды.

Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Михинаға Светлана Голендова бәсекелестік танытқан еді. Бірақ мәреге жақындаған тұста Жамбыл облысының спортшысынан айтарлық озып кетті. Элина осы жолы нәтижесін кубоктағыдан да жақсарта түсті.

Қазақстан чемпионаты. 15 қаңтар. Өскемен.

400 метрге жүгіру, ерлер:

1. Михаил Литвин (СҚО) – 47,92

2. Сергей Зайков (Павлодар облысы) – 48,66

3. Дмитрий Коблов (ОҚО) – 48,75

Әйелдер:

1. Элина Михина (ШҚО) – 53.74

2. Светлана Голендова (Жамбыл облысы) – 54.42

3 Аделина Ахметова (Қарағанды облысы) – 56.22.


1500 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы тағы да Қостанайдан келген Татьяна Нерознакқа тең келер ешкім болмады. Ол екінші орын алған Евгения Фандюшинадан 17 секунд озып кетті.

Ерлерден Қазақстан кубогындағы нәтиже тағы қайталанды. Оңтүстік Қазақстан спортшысы Саид Сулайманов топ жарды. Екінші орын Михаил Красиловқа бұйырса, үздік үштіктен Қырғызстаннан келген Мұсылман Жаломанов көрінді. Бірақ оның нәтижесі есепке алынбайтындықтан, қола жүлде Әнуар Ерғазыға табысталды.

Қазақстан чемпионаты. 15 қаңтар. Өскемен.

1500 метрге жүгіру, әйелдер:

1.     Татьяна Нерознак (Қостанай облысы) – 4.20,50 мин

2.     Евгения Фандюшина (Павлодар облысы) – 4.37,77

3.     Людмила Монина (Алматы облысы) – 4.43,06

Ерлер:

1.     Саид Сулайманов (ОҚО) – 3.57,59 мин.

2.     Михаил Красилов (Жамбыл облысы) – 3.57,72

3.     Әнуар Ерңазы (Алматы) – 3.58,87

Мұсылман Жаломанов (Қырғызстан) – 3.56,44 мин.

Тізімге қайта оралу