Қазақстан кубогы: Кашафутдинова Зябкинадан озып кетті
220

Қазақстан кубогы: Кашафутдинова Зябкинадан озып кетті

Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде бүгін 60 метрге жүгірген әйелдер арасында Қарағанды облысының спортшысы Рима Кашафутдиноа жеңіске жетті.

Рима өзінің құрамадағы тәжірибелі қарсыласы, дәл осы қашықтықта өткен жылы Ашхабадта өткен Азия ойындарында чемпион атанған Виктория Зябкинаның өзің қапы қалдырып кетті. Рима мәреге 7,40 секундта жетті. Ол былтыр Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде бұдан 0,02 секунд бұрын жеткен болатын.

Ерлерден 60 метрге жүгіргендердің саны әйелдерден көп болды  (24 қатысушы). Іріктеу және финалдық кезеңде де мәреге қарағандылық Владислав Григорьев жетті. Әрине, оның уақыт көрсеткіші көпшілік күткендей болған жоқ (6,94 с). Бірақ бұл қысқы маусымның алғашқы жарысы. Сондықтан алдағы уақытта Григорьев уақыт көрсеткішін жақсартады деп ойлаймыз.

Қазақстан кубогы, бірінші кезең. 10 қаңтар. Өскемен.

60 метрге жүгіру, әйелдер:

 1. Рима Кашафутдинова (Қарағанды обл.) – 7,40

2. Виктория Зябкина (Алматы) – 7,54

3.Әйгерім Шыназбекова (Алматы) – 7,73.

60 метрге жүгіру, ерлер:

   1. Владислав Григорьев (Қарағанды обл.)  – 6.94;

2. Виталий Земс (Қарағанды обл.)  – 6.95;

3. Сергей Русак (Павлодар обл.)  – 6.96.

Тізімге қайта оралу