Қазақстан кубогы: Әйелдер арасында сырықпен секірудің үздігі – Ермакова Фото - Vksport.kz

Қазақстан кубогы: Әйелдер арасында сырықпен секірудің үздігі – Ермакова

Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан кубогының бірінші кезеңінің алғашқы жеңімпаздары анықтала бастады.

Әйелдер арасында сырықпен секіру сайысына бес спортшы өтініш берген екен. Олардың барлығы Алматы қаласынан. Соның ішінде төртеуі жарыс жолына шықты.

Өскеменде Виктор Горбуновтан тәлім алатын Анастасия Ермакова мен Яна Тойбаева бас жүлдені өзара сарапқа салды. Алғашқы екі мүмкіндігінде 3,70 метрге секірген Анастасия Ермакова Қазақстан кубогының бірінші кезеңінің жеңімпазы атанды. Тойбаева өз кезегінде 3,60 метрмен күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қола жүлде Адель Бекбаеуоваға бұйырды. Ал 18 жастағы Ярослова Вислобокова қанша тырысқанымен, 3,20 метрге секіре алмай жарысты аяқтады. Полина Иванова болса сайысқа түскен жоқ.

Қазақстан кубогы, бірінші кезең. 10 қаңтар. Өскемен.

Сырықпен секіру, әйелдер:

1. Анастасия Ермакова (Алматы) — 3.70;

2. Яна Тойбаева (Алматы) — 3.60;

3. Адель Бекбауова (Алматы) — 3.20;

Тізімге қайта оралу