Қазақстан кубогы: Овчинникова ұзындыққа секіруден көп күш жұмсамай-ақ жеңіске жетті
237

Қазақстан кубогы: Овчинникова ұзындыққа секіруден көп күш жұмсамай-ақ жеңіске жетті

Қазақстан кубогының бірінші кезеңінің алғашқы жарыс күнінде басқа сайыс түрлерімен салыстырғанда ұзындыққа секірген атлеттер жоғары нәтиже көрсете алмады.

Үздік үштіккеілінген ерлер де, әйелдер де, тіпті, спорт шеберіне үміткердің нормативін орындаған жоқ. Бұл қысқы маусымның алғашқы жарысы. Сондықтан спортшылар өз баптарына келіп үлгермеді деп ойлаймыз.Енді алдағы жарыстарда олардан жоғары нәтиже күтеміз.

Ерлерден Александр Киселев фаворит саналған. Өткен жылы маусым айында қарағандылық спортшы Қазақстан чемпионатында 7,75 метрге секіріп, жақсы нәтиже көрсетіп еді. Осыдан соң, ұлттық құрамамен Азия чемпионатына да қатысып қайтты. Үндістанда жүлдеге ілікпесе де, мамандар бұл спортшының болашағына үлкен үміт артып отыр.

Алайда Өскемендегі Қазақстан кубогында Киселев 6 рет секірсе де, 7 метрге де жеткен жоқ. Бірінші орын Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы Владимир Потоцкийге бұйырды (7,08 м). Екінші орынды жергілікті атлет Алексей Пономарев (6,92 м) еншіледі. Кислев 6,87 метрмен үшінші орынды қанағат тұтты.

Әйелдерден Мария Овчинникова топ жарды. Бірақ теміртаулық атлеттің де көрсеткен өнері көңіл көншітпеді. Марияның ең жоғары көрсеткіші – 5,63 метр болды. Негізі 19 жастағы спортшының ұзындыққа секіруден жеке рекорды – 6,15 метр. Екінші орынға Алматыдан келген Марина Хусейнова тұрақтады. Үздік үштікті маңғыстаулық Надежда Кирнос қорытындылады.

Қазақстан кубогы, бірінші кезең. 10 қаңтар. Өскемен.
Ұзындыққа секіру, ерлер:

1.     Владимир Потоцкий (ОҚО) – 7,08 м

2.     Алексей Пономарев (ШҚО) – 6,92 м

3.     Александр Киселев (Қарағанды обл.) – 6,87 м.

Ұзындыққа секіру, әйелдер:

1.     Мария Овчинникова (Қарағанды обл.) – 5, 63 м

2.     Марина Хусейнова (Алматы) – 5,61 м

3.     Надежда Кирнос (Маңғыстау обл.) – 5, 58 м.

Тізімге қайта оралу