Қазақстан кубогы, 1-кезең: 5000 метрге жүгіруде Иванчуков пен Нерознак топ жарды

Қазақстан кубогы, 1-кезең: 5000 метрге жүгіруде Иванчуков пен Нерознак топ жарды

Жазғы Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде 5 000 метр жүгірген ерлер мен әйелдер арасында ешқандай сенсация тіркелген жоқ. Ерлерден Дмитрий Иванчуков, әйелдерден Татьяна Нерознак жеңіске жетті.

Қостанайдың тумасы Татьяна Нерознак биыл өзі қатысқан жарыстардың барлығында жүлде салды. Жалпы елішілік жарыстарда ешкімге дес беріп жүрген жоқ. Сондай-ақ жабық кешендегі Азия чемпионатында топ жарған. Қазақстан кубогында әйелдер арасында 5 000 метрге төрт спортшы жүгірді. Олар Татьянаға алғашқы 3 000 шақырымда ғана бәсекелес бола алды. Одан кейін Нерознак жеткізген жоқ.

Алматы. Қазақстан кубогы 1-кезең. 5 000 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.     Татьяна Нерознак (Қостанай облысы) – 16.56,05 мин.

2.     Виктория Сергеева (СҚО) – 17.28,21 мин.

3.     Айгүл Қайыржанова (СҚО) – 18.18,41 мин.

Ерлер арасындағы бәсекеге де төрт спортшы араласты. Олардың арасында дәл осы қашықтықта 2017 жылы ең үздік нәтижені көрсеткен, кросстан 2018 жылғы Қазақстан чемпионы Дмитрий Иванчуков бірінші келді. Иванчуковтың уақыт көрсеткіші –14.51,12 минут.Екінші орынға Саид Сулайманов (+ 59,96 сек.) тұрақтаса, үшткіті Александр Тю (+ 1.18,48 мин.) қорытындылады.

Алматы. Қазақстан кубогы 1-кезең. 5 000 метрге жүгіру.

Ерлер:

1.     Дмитрий Иванчуков (Жамбыл облысы) – 14.51,12 мин.

2.     Саид Сулайманов (ОҚО) – 15.51,08 мин.

3.     Александр Тю (Алматы) – 16.09,60 мин.

Ал әйелдер арасындағы 800 метрге жүгіруден өткен жоқ. Сондықтан тек жігіттер жүгірді. Жалпы саны тоғыз спортшы болды. Бірінші орынды Қарағандыдан келген Сергей Сухов жеңіп алды. Ол екінші орындағы Азамат Құлдас пен Евгений Архиповты артқа қалдырды.

Алматы. Қазақстан кубогы 1-кезең. 800 метрге жүгіру.

Ерлер:

1. Сергей Сухов (Қарағанды облысы) – 1.52,70 мин.

2. Азамат Құлдас (Қызылорда облысы) – 1.54,39 мин.

3. Евгений Архипов (ШҚО) – 1.54,63 мин.

Тізімге қайта оралу