Қазақстан кубогы, 1-кезең:Дарина Исмаилдың нәтижесі қуантты
129

Қазақстан кубогы, 1-кезең:Дарина Исмаилдың нәтижесі қуантты

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан кубогында әйелдер арасында ұзындыққа секіруден 18 жастағы Дарина Исмаил топ жарды.

Алматы қаласының спортшысы жарыс жолына бірінші болып шықты. Дарина бірінші мүмкіндігінде-ақ 5.86 метрге секірді. Дәл осы нәтиже оның бірінші алуына себепші болады деп кім ойлаған? Спорт шебері нормативін орындауға тек 9 сантиметр жетпей қалды.

Екінші орын халықаралық дәрежедегі спорт шебері, үш қарғып секіруден 2017 жылғы Азия чемпионы Мария Овчинниковаға бұйырды - 5.71 метр.

Тағы бір алматылық Марина Хусейнова екінші орындағы Овчинниковадан 1 сантиметрге кем секіріп, үшінші орынға ие болды.

20 мамыр. Алматы. Қазақстан кубогы, 1-кезең. Ұзындыққа секіру.

Әйелдер:

1.     Дарина Исмаил (Алматы) – 5.86 метр;

2.     Мария Овчинникова (Қарағанды облысы) – 5.71;

3.     Марина Хусейнова (Алматы) – 5.70.

Ерлерден 17 жастағы маңғыстаулық Әділ Рамет пен 18 жастағы алматылық Никита Корнышев ғана бірінші орынды өзара сарапқа салды. Рамет – негізі көпсайысшы.

Төртінші мүмкіндігінде 6.81 метрге секірген Корнышев чемпион атанса, 6.78 метрмен Әдәл екінші орынды қанағат тұтты.

20 мамыр. Алматы. Қазақстан кубогы, 1-кезең. Ұзындыққа секіру.

Ерлер:

1.     Никита Корнышев (Алматы) – 6.81 метр;

2.     Адиль Рамет (Маңғыстау облысы) – 6.78.

Тізімге қайта оралу