Қазақстан кубогы, 1-кезең: Григорьев 100 метрге жүгіруде Земстің алдын орап кетті
137

Қазақстан кубогы, 1-кезең: Григорьев 100 метрге жүгіруде Земстің алдын орап кетті

Қазақстан кубогының жазғы маусымдағы бірінші кезеңі басталды. Кеше ерлер мен әйелдер арасындағы 100 метрге жүгіргендердің нәтижесі белгілі болды.

Бас жүлдеге қарағандылық Владислав Григорьев пен Виталий Земс таласты. Алғашында 50 метрге дейін Земс көшбастаған. Кейіннен Григорьев жылдамдығын артырып, қарсыласынан 0,10 секундқа озып кетті.

20 мамыр. Алматы. Қазақстан кубогы, 1-кезең. 100 метрге жүгіру.

Ерлер:

1. Владислав Григорьев (Қарағанды обл.) – 10,56 сек.

2. Виталий Земс (Қарағанды обл.) – 10,66 сек.

3. Григорий Володин (Алматы обл.) – 11,06 сек.

Әйелдерден ұлттық құраманың көшбасшылары Виктория Зябкина, Рима Кашафутдинова, Ольга Сафроновалар жарыс жолына шыққан жоқ. Сондықтан бірінші орынды негізінен тосқауылдар арқылы жүгіруге бейімделген Анастасия Виноградова жеңіске жетті. Екінші орын Павлодардан келген Валентина Степанковсканың еншісінде, үштікте қостанайлық Юлиана Осипова бар.

20 мамыр. Алматы. Қазақстан кубогы, 1-кезең. 100 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.     Анастасия Виноградова (Алматы) – 12,17 сек.

2.     Валентина Степанковская (Павлодар обл.) – 12,50 сек.

3.     Юлиана Осипова (Қостанай обл.) – 12,73 сек.

Тізімге қайта оралу