Қазақстан кубогы, 2-кезең: Шыназбекова мен Земс кедергілер арқылы жүгірудің жеңімпазы атанды

Қазақстан кубогы, 2-кезең: Шыназбекова мен Земс кедергілер арқылы жүгірудің жеңімпазы атанды

17 ақпан күні Өскеменде өткен жабық кешендегі Қазақстан кубогының екінші кезеңінде 60 метрге кедергілер арқылы жүгірудің жеңімпаздары анықталды.

Әйелдер арасында Алматы қаласының намысын қорғаған Әйгерім Шыназбекова жеңіске жетсе, ерлерден қарағандылық Вячеслав Земс үздік шықты.

Бұл сайыс түрінен кубокта бәсекелестік жоғары бола қоймады. Құрама көшбасшылары аса қиналмай қарсыластарын қапы қалдырып кетті.

17 ақпан. Жабық кешендегі Қазақстан кубогы, 2-кезең. 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру. Әйелдер:

1.     Әйгерім Шыназбекова (Алматы) – 8,43 сек.

2.     Роксана Оспанова (Қарағанды обл.) – 8,83 сек.

3.     Орынгүл Зкриенова (ШҚО) – 8,95 сек.

Ерлер:

1.     Вячеслав Земс (Қарағанды обл.) – 8,07 сек.

2.     Александр Мартиросов (Маңғыстау обл.) – 8,26 сек.

3.     Виталий Лиценбергер (ШҚО) – 8,34 сек.

Тізімге қайта оралу