Қазақстан кубогы, 2-кезең: 400 метрде Михаил Литвинге тең келер ешкім болмады

Қазақстан кубогы, 2-кезең: 400 метрде Михаил Литвинге тең келер ешкім болмады

16 ақпанда жеңіл атлетикадан Жабық кешендегі Қазақстан кубогының екінші кезеңі басталды. Ерлер арасында 400 метрге жүгірген Михаил Литвинге тең келер ешкім болмады.

Михаил наурыз айының басында Бирмингемдегі әлем чемпионатына баратын санаулы спортшының бірі.

Өскеменде 21 жастағы спортшы аса қиналмай жеңіске жетті. Екінші орынға алматылық Андрей Соколов тұрақтаса, үштікті қызылордалық Қадыр Жалғас қорытындылады.

16 ақпан. Қазақстан кубогы, 2-кезең. Өскемен. 400 метрге жүгіру.

Ерлер:

1. Михаил Литвин (СҚО) – 47.52 сек;

2. Андрей Соколов (Алматы) – 48.24 сек;

3. Кадыр Жалгас (Қызылорда обл.) – 51.03 сек. 

Тізімге қайта оралу