Қазақстан кубогы, 2-кезең: 60 метрге жүгіруден Зябкина мен Земс үздік шықты

17.02.2018

135
Қазақстан кубогы, 2-кезең: 60 метрге жүгіруден Зябкина мен Земс үздік шықты

16 ақпанда жеңіл атлетикадан Жабық кешендегі Қазақстан кубогының екінші кезеңі басталды.

Спринтерлер арасында яғни 60 метрге жүгіруден әйелдерден Виктория Зябкина, ерлерден Вячеслав Земс жеңіске жетті.

Әйелдер арасында 8 спортшы ғана қатысқандықтан, бірден финал өткізілді. Бұған дейін бірінші кезеңде осы қашықтықта топ жарған қарағандылық Рима Кашафутдинова бұл жолы қатысқан жоқ.

Сондықтан Виктория Зябкина аса қиналмай жеңіске жетті. Виктория мәреге 7.43 секундта жетті. Күміс жүлдені Әйгерім Шыназбекова еншіледі. Айта кетейік, Әйгерім негізінен кедергілер арқылы жүгіруге бейімделген спортшы. Үздік үштікті күтпеген жерден 15 жастағы Адина Мақсұтова қорытындылады.

16 ақпан. Қазақстан кубогы, 2-кезең. Өскемен. 60 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.     Виктория Зябкина (Алматы) – 7,43 сек.

2.     Әйгерім Шыназбекова (Алматы) – 7,68 сек.

3.     Адина Мақсұтова (Алматы) – 7,88 сек.

Ерлерден қарағандылық Вячеслав Земс финалда екінші орындағы Сергей Русактан айтарлықтай озып кетті. Земс мәреге – 6.82 секундта, Русак – 6.95 секундта жетті. Үштікте павлодарлық Дамир Сутжанов бар.

16 ақпан. Қазақстан кубогы, 2-кезең. Өскемен. 60 метрге жүгіру.

Ерлер:

1.     Вячеслав Земс (Қарағанды обл.) – 6,82 сек.

2.     Сергей Русак (Павлодар обл.) – 6,95 сек.

3.     Дамил Сутжанов (Павлодар обл.) – 7,00 сек.

Тізімге қайта оралу