Қазақстан кубогы, 2-кезең: Алғашқы жеңімпаздар анықталды
216

Қазақстан кубогы, 2-кезең: Алғашқы жеңімпаздар анықталды

Бүгін, 16 ақпанда Өскеменде Қазақстан кубогының екінші кезеңі басталады. Таңертеңгі бағдарламада үш сайыстың финалы өтті.

2000 метрге кедергілер арқылы жүгірушілердің финалында ерлерден 2, әйелдерден 1 ғана спортшы қатысты. Сондықтан тартысты бәсеке көре алмадық. Оның үстіне, қырғызстандық Михаил Солошенко Алматыдан келген Тимур Баймұраттан 15 секундқа озып кетті.

16 ақпан. Қазақстан кубогы, 2-кезең. Өскемен. 2 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру.

Әйелдер:

   1.  Лада Фомина (СҚО) – 7.28,61 мин.

Ерлер:

1. Михаил Солошенко (Қырғызстан) — 6.36:53 мин;

2. Тимур Баймұрат (Алматы обл.) – 6.51.03 мин. 

Ядро серпуден әйелдер құрамасының көшбасшысы Екатерина Нестерова Өскеменге келген жоқ. Ол Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде чемпион атанған. Сондықтан бұл жолы Маңғыстау облысының спортшысы Әсия Рабаева жеңіске жетті.

16 ақпан. Қазақстан кубогы, 2-кезең. Өскемен. Ядро серпу.

Әйелдер:

1. Асия Рабаева (Маңғыстау обл,) — 12.85 метр;

2. Ольга Хижнякова (ШҚО) — 12.45 метр;

3.  Сарифа Рзакулиева (Алматы) — 11.51 метр.

Тізімге қайта оралу