Қазақстан кубогы, 2-кезең: Үш қарғып секірушілер жоғары нәтиже көрсетпеді
190

Қазақстан кубогы, 2-кезең: Үш қарғып секірушілер жоғары нәтиже көрсетпеді

Өскеменде өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан кубогының екінші кезеңінде үш қарғып секіру сайысында ерлерден – Евгений Эктов, әйелдерден – Мария Овчинникова жеңіске жетті.

Бұл жолы кубокта жоғарты тартысты бәсеке көре алмадық. Алдын-ала күткен Мария Овчинникова мен Ирина Эктова арасында тартыс өрбіген жоқ. Өйткені, жақында Азия чемпионы атанған Эктова жарыс жолына шықпады.

Сондықтан Мария Овчинникова аса қиналмай бірінші орын алды. Бірақ спортшының әзірге нәтиже көңілден шығып жүрген жоқ. Спортшы жазға дейін бабыма енемін деп отыр. Әйелдерден екінші орынды бұған дейін биіктікке секірумен айналысқан Регина Қайсарова алды.

Ерлерден бірде-бір атлет 16 метрге секірмеді. Бірінші және екінші орынды тәжірибелі спортшылар –Евгений Эктов пен Роман Валиев өзара бөлісті.

17 ақпан, жабық кешендегі Қазақстан кубогы, 2-кезең. Үш қарғып секіру.

Әйелдер:

1.     Мария Овчинникова (Қарағанды обл) – 13.04 м;

2.     Регина Кайсарова (ШҚО) – 12.04 м;

3.     Марина Хусейнова (Алматы) – 11.85 м.

Ерлер:

1.     Евгений Эктов (СҚО) – 15.92 м;

2.     Роман Валиев (Павлодар обл.) – 15.40 м;

3.     Тахиржан Қадырқұлов (Ақмола обл.) – 14.67 м.

Тізімге қайта оралу