Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Қазақстан кубогы Григорий Егоровтың алғашқы жарысы болмақ

11.05.2017

Бек Төлеуов  
190
Қазақстан кубогы Григорий Егоровтың алғашқы жарысы болмақ Григорий Егоров

Алдағы сенбі-жексенбі күндері Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы өтеді. Оған еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларының спортшылары қатысады.

Қазақстан кубогы 13-14 мамырға жоспарланып отыр. Жарысқа еліміздің үздік 350 атлеті қатысады деп күтілуде.
Жақында жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалған еді. Федерация басшылығы Григорий Егоровты 3 мамыр күні Алматыда журналистер мен жанкүйерлергетаныстырғанболатын.

Қазақстан кубогына еліміздің үздік атлеттерінің барлығы қатысады. Сондықтан Григорий Александрович спортшылардың дайындығы мен мүмкіндіктерін байқап көреді.

Айта кетейік,12 қаңтарда 50 жасқа толған Григорий Егоров Шымкент қаласының түлегі болғанымен соңғы жылдары Испанияда тұрып келді. Сырықпен секіруден 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының чемпионы. 1993 жылғы әлем чемпионатында екінші орынды иемденген. Жабық кешендегі дүниежүзілік чемпионаттың екі дүркін күміс жүлдегері. Халықаралық аренадағы басқа да жетістіктері жетерлік. 5,90 метрді төрт рет бағындырған оның рекордын Азия бойынша әлі ешкім бұза алмай келеді.

Тізімге қайта оралу