Қазақстан кубогының финалы: 400 метрге жүгіруден Литвин мен Михинаға тең келер ешкім жоқ
157

Қазақстан кубогының финалы: 400 метрге жүгіруден Литвин мен Михинаға тең келер ешкім жоқ

Бирмингемде өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына жолдама алған Михаил Литвин мен Элина Михина Қазақстан кубогының финалында 400 метрге жүгіруден топ жарды.

Ерлер арасында сынға түскен Солтүстік Қазақстан облысының атлеті Литвин мәреге 46.93 секундта жетті. Күміс жүлдеге алматылық Андрей Соколов қол жеткізді. Айтпақшы, Литвин әзірге осы маусымдағы ең үздік нәтижесін тіркеп отыр. Жеке рекорды 2017 жылы Ашхабадта тіркелген – 46.51 секунд. Сондай-ақ Соколов осы маусымда алғаш рет көрсеткішін 47.90 секундқа дейін жақсартты.

Әйелдерден ішкі біріншілікте Михина мен Голендованың бәсекелестігі тағы да қыза түсті. Осыдан 6 күн бұрын екеуі тиісінше, 52.53 және 52.76 секунд уақыт нәтижесін көрсеткен. Бұл жолы Михина мәреге 52.72 секундта, Голендова 53.13 секундта жетті. Үшінші орын Любовь еншісінде, Аделина Ахметова төртінші келеді. Бұл төрттік Бирмингемдегі әлем чемпионатында 4х400 метрлік эстафетада ел намысын қорғайды.

22 ақпан. Жабық кешендегі Қазақстан кубогының финалы: 400 метрге жүгіру. Ерлер:

1. Михаил Литвин (СҚО) – 46,93 сек.

2.  Андрей Соколов (Алматы) – 47,90 сек.

3.  Руслан Никитин (Алматы) – 50,93 сек.

Әйелдер:

1.     Элина Михина (ШҚО) – 52,72 сек.

2.     Светлана Голендова (Жамбыл обл.) – 53,13 сек.

3.     Любовь Ушакова (Қарағанды обл.) – 56,40 сек.

Тізімге қайта оралу