Қазақстан кубогының финалы: Нерознак өз орнын ешкімге берер емес

23.02.2018

104
Қазақстан кубогының финалы: Нерознак өз орнын ешкімге берер емес

Жабық кешендегі Қазақстан кубогының финалында 1500 метрге жүгіруден Сайд Сулайманов пен Татьяна Нерознак жеңіске жетті.

Кезекті рет қостанайлық тәжірибелі атлет Татьяна Нерознак 1,5 шақырымға жүгіруден Қазақстан өзіне тең келер ешкім жоқ екенін дәлелде алды. Тіпті, оған күмән келтіргендер де болмаған шығар. Қазақстан кубогының іріктеу, чемпионатта барлығында Нерознак қарсыластарынан оқ бойы озық шығып жүрді. Бұл жолы да дәл солай болды. Сөйтіп, мәреге 4.21,56 минутта жетті. Екінші орынға керекулік Евгения Фандюшина тұрақтаса, үштікті Алматы облысының намысын қорғаған Людимила Монина еншіледі.

Ал ерлер арасындағы жарыс тартысты өтті. 19 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Саид Сулайманов бірінші келді. Осының алдында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінде Саидтан озып кеткен Әнуар Ерғазы бұл жолы екенші орынды қанағат тұтты.

22 ақпан. Жабық кешендегі Қазақстан кубогының финалы:1500 метрге жүгіру. Ерлер:

1. Саид Сулайманов (ОҚО) – 3.58,40 мин.

2. Әнуар Ерғазы (Алматы) – 3.59,59 мин.

3. Рахымжан Келманов (Қызылорда обл.) – 4.00,19 мин.

Әйелдер:

1. Татьяна Нерознак (Қостанай обл.) – 4.21,56 мин.

2. Евгения Фандюшина (Павлодар обл.) – 4.32,21 мин.

3. Людмила Монина (Алматы обл.) – 4.42,55 мин.

 

Тізімге қайта оралу