Қазақстан спортшылары Бішкектегі халықаралық жарысқа аттанды

16.06.2017

Бек Төлеуов  
107
Қазақстан спортшылары Бішкектегі халықаралық жарысқа аттанды Әйгерім Шыназбекова мен Анастасия Виноградова. На фото Эдуарда Гавриша

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында жеңіл атлетикадан 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Татьяна Колпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды. Осымен 20-шы рет ұйымдастырылған сайысқа Қазақстан спортшылары да қатысып жатыр.

Көрші елдегі жарысқа Қазақстанның атынан 50 атлет және Александр Дениско, Любовь Никитенко, Светлана Бодрицкая бастаған үш жаттықтырушы кетті.

Жарыстың салтанатты ашылуы 17 маусым күні сағат 15:30-да Долен Өмірзақов атындағы стадионда өтеді. Одан кейін Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Үндістан, Өзбекстан спортшылары жеңіл атлетиканың 28 түрі бойынша сынға түседі.

Біздің елден кеткен атлеттердің ішінде Ольга Сафронова (100, 200 м), Элина Михина (200 и 400 м), Рима Кашафутдинова (100, 200 м), Анастасия Тулапина (100, 200 м), Светлана Голендова (100, 200 м), Марина Зайко (400 м, 400 метрге тосқауылдар арқылы), Александра Романова (400 м, 400 метрге тосқауылдар арқылы), Любовь Ушакова (200, 400 м), Анастасия Виноградова мен Әйгерім Шыназбекова (100 метрге тосқауылдар арқылы), Татьяна Нерознак (800 м), Регина Кайсарова мен Надежда Дубовицкая (екеуі де – биіктікке секіру), Александр Каспер (100, 200 м), Денис Семенов (110 метрге тосқауылдар арқылы), Тахиржан Қадырқұлов (ұзындыққа секіру), Роман Лошкарев (биіктікке секіру). Сондай-ақ әлі жоғары жетістіктерге қол жеткізбеген бірнеше жас спортшылар бар.

6-9 шілде аралығында Үндістанда Азия чемпионаты өтеді. Сондықтан бұл жарыс сол құрлық біріншілігінің алдында спортшылардың өздерінің дайындықтарын тексеріп алуға берілген мүмкіндік.

Тізімге қайта оралу