ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
Кениялықтардың жоқтығын Иванчуков пен Сатарова тиімді пайдаланды Фото Константин Князевич
34

Кениялықтардың жоқтығын Иванчуков пен Сатарова тиімді пайдаланды

Алматыда Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған дәстүрлі XXVIII Мемориалда 5000 метрге жүгіруден ерлер арасында Дмитрий Иванчуков, әйелдер арасында Гүлшаной Сатарова чемпион атанды.

Кеше 1500 метрге жүгіруге қатысқан Altay athletics клубының атлеттері Каролин Кипкируи мен Шэдрак Коич 5 шақырымда бақтарын сынауды жөн деп таппаған тәрізді. Сондықтан бұл қашықтықта өзгелердің бағы жанды.

Әйелдер арасында қырғыз қызы Гүлшаной Сатарова сенімді түрді жеңіске жетті. Ол мәреге 17:08.74 минутта жетті. Екінші орындағы өзбекстандық Екатерина Тунгусковада 4.70 секундқа озып кетті.

Ерлерден жерлесіміз Иванчуков үздік шықты. Жамбыл облысының спортшысы күміс жүлдеге ие болған көршілес қырғыз атлет Нұрсұлтан Кенешбековтен 4.94 секунд бұрын келді.

30 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 5000 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.     Гульшаной Сатарова (Қырғызстан) – 17:08.74 мин.

2.     Екатерина Тунгускова (Өзбекстан) – 17:13.44 мин.

3.     Нурхон Мухитдинова (Өзбекстан) – 17:20.40 мин.

Ерлер:

1.     Дмитрий Иванчуков (Қазақстан) – 14:52.67 мин.

2.     Нурсултан Кенешбеков (Қырғызстан) – 14:57.61 мин.

3.     Саид Сулайманов (Қазақстан) – 15:26.18 мин.

Тізімге қайта оралу