Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

1

Күн
Дунгань, Қытай

Кениялық Титус Тувей – Астана марафонның басты фавориті

26.08.2017

93
Кениялық Титус Тувей – Астана марафонның басты фавориті

Ертең Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының марафонына қатысатындардың арасында кәсіпқой спортшылар да бар. Солардың бірі – кениялық желаяқ Титус Тувей.

Ол Астанаға Кения астанасы Найробиден жол жүргіп келеді. Титус бұған дейін Азия құрлығында өткен марафондарда жеңіске жеткен. Биылғы жылы наурызда Қытайдың Чжэнчжоу қаласында 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 10 минутта жүгіріп өтте. Егер ол Лондондағы әлем чемпионатына қатысқанда дәл осы уақыт көрсеткішімен төртінші орыннан көрінер еді.

Тувейден бөлек Астанадағы марафонда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Беларусь елдерінің кәсіби марафоншылары қатысады.

    Айта кетейік, марафонды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек, ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. 

Тізімге қайта оралу