«Kids Athletics» бағдарламасының Қазақстанда танымалдылығы артып келеді
211

«Kids Athletics» бағдарламасының Қазақстанда танымалдылығы артып келеді

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының балалар жеңіл атлетикасын дамытуға арналған «Kids Athletics» деген бағдарламасы бар.

Соңғы кездері осы бағдарлама Қазақстанда жақсы насихатталып, жоғары танымалдыққа ие бола бастады. Қазан-қараша айларында еліміздің бірнеше аймағында «Kids Athletics» бағдарламасының сайыстарына қаншама жас балғындар қатысты.


1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі кезінде бұл дәстүр Шымкент, Өскемен, Семей қалаларында жалғасты.

– Қазақстанда балаларғаарналған жарыстардың көбеюі қуантады. Мысалы, Шымкентте қараша айының соңы мен желтоқсан айының алғашқы күнінде үш бірдей турнир өтті. Оған жергілікті балалар-жасөспірімдер мектебінің оқушылары қатысты. сондай-ақ Тұңғыш Президент күніне орай, Өскеменде де дәл осындай турнир ұйымдастырылды. Ол жарыс Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өткізілді. Енді алдағы уақытта Алматы, Қарағанды қалаларында осындай додалар өз жалғасын табады. Жалпы, алғанда балалар арасындағы турнирлердің саны көбейіп, қатысушылардың қызығушылығы артып келеді. Бұл бізге қуаныш сыйлайды, –дейді ҚР жеңіл атлетика федерациясы ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликов. 

Тізімге қайта оралу