Kids athletics Өскеменде жалғасын тапты
210

Kids athletics Өскеменде жалғасын тапты

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында Kids athletics бағдарламасы аясында балалар арасында жарыс өтті.

Kids athletics – Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) арнайы бағдарламасы. Негізінен жеңіл атлетиканы мектеп оқушылары арасында насихаттауға бағытталған.

Бұған дейін осындай жарыстар Қарағанды, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент пен Сайрам ауданында өткен болатын. Бұл жолы Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде жалғасын тапты.

Жарысты Шымкенттегі жаттықтырушыларға арналған курсқа қатысушылар өткізді. Олар 19-30 қазан аралығында үйренген тәжірибелерін балалармен бөлісті. Жарыс соңында қатысушыларға Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясы дайындаған арнайы сыйлықтар  мен IAAF сертификаты табысталды.

Тізімге қайта оралу