Литвин мен Михинаның қарсыласы әлем чемпионы атанды
173

Литвин мен Михинаның қарсыласы әлем чемпионы атанды

Бирмингемде өткен жабық кешендегі әлем чемпионатында 400 метрге жүгірушілер арасында қазақстандық Михаил Литвин мен Элина Михинаның қарсыласы әлем чемпионы болды.

Ерлер арасындағы финал Астана уақыты бойынша 4 наурыз күні түнде өтті. Чехиялық Павел Маслак әлем чемпионы атанды. Оның уақыт көрсеткіші ­ – 45.47 секунд. Күміс медаль америкалық Майкл Черриге бұйырды. (45.84). Қола жүлдеге Тринидад және Тобагодан келген Диона Лендоре ие болды.

Литвин үш жүлдегермен бірге жүгіріп көрген. Мысалы, Черри іріктеу кезеңінде бір топта болды. Ал Маслак және Лендоремен жеребе жартылай финалда жолықтырды. 22 жастағы жерлесіміз үшін осындай үздіктермен шеберлік байқасу тәжірибе болғаны анық.

Әйелдер арасындағы финалға 6 атлет қатысты. Оның біреуі ­ – Америка спортшысы Кортини Около. Ол іріктеу кезеңінде қазақстандық Элина Михинамен бір топта жүгірген. Ал тағы бір жерлесіміз Светлана Голендова болса Жустина Свиетти-Ерсетик (Польша) мен Джое Кларк (Ұлыбритания) жарысқан. Осы үшеуі де финалда өнер көрсетті.

Тізімге қайта оралу