Литвин қоланы алтынға ауыстыра ма?
218

Литвин қоланы алтынға ауыстыра ма?

Алдағы 1-3 ақпан күндері Иран астанасы Тегеран қаласында жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді.Құрлық біріншілігіне қатысатын спортшылардың бірі – 400 метрге жүгіруші Михаил Литвин.

Солтүстік Қазақстан облысының 22 жастағы тумасы орта қашықтыққа жүгіретін спортшылардың бірі.

Михаил жабық кешендегі Азия чемпионатына бұған дейін қатысқан, тәжірибесі бар. 2016 жылы Дохада өткен құрлық біріншілігінде қола жүлде алған. Катар астанасында бұл қашықтықты 46.80 секундта жүгіріп өтті.

Былтыр қыркүйекте Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарының финалында жеке рекордын жаңартты. Уақыт көрсеткіші – 46.51 секунд. Айтпақшы, Түркіменстанда да Литвин қола жүлде еншілеген болатын.

Жаңа маусымда бір ғана жарысқа қатысты. Өскемендегі Қазақстан чемпионатында бар күшін салып жүгірмесе де, жеңіске жетті. Іріктеу кезеңінде 47.920 және финалда 47.92 секундта мәреге жетті.

Енді Литвиннен Тегераннан тек алтын жүлде күтеміз.

Тізімге қайта оралу