Литвин өзгелерге еңбекқорлықтың үлгісін көрсетті Фото – Константин Князевич
109

Литвин өзгелерге еңбекқорлықтың үлгісін көрсетті

3-4 шілде күні Алматыда Қазақстан кубогының екінші кезеңі өтті. Ұлттық құраманың көшбасшылары Қосанов Мемориалынан кейін аздаған демалыс алуды көздеген сияқты. Сондықтан көбісін Орталық стадионнан байқаған жоқпыз.

Арасында бірлі-жарым танымал алеттер қатысты. Соның бірі – Михаил Литвин. 29 маусымда Қосанов Мемориалында ол 400 метрге жүгіруден 34 жыл бойы сақталған Қазақстан рекордын жңартқан. Қазақстан кубогының екінші кезеңінде Литвин 200 және 400 метрге жүгіруден қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы бұл жолы 45.50 секундта жүгірмесе, қарсыластарынан айтарлықтай озып кетті. 22 жастағы спортшы мәреге 47.36 секундта келді. Екінші орын түркістандық Эльнур Мухитдиновке бұйырды. Үштікте Керекуден келген Виктор Рябов бар (50.25 сек.).

Михаил сондай-ақ 200 метрге жүгіруден де жеңіске жетті (21.38 сек). Күміс жүлдеге тәжірибелі Алматының облысының спортшысы Григорий Володин ие болды (22.18 сек.). Үштікті 19 жастағы алматылық Руслан Никитин қорытындылады (22.38 сек).

Алда жазғы Азия ойындары қыр астында тұр. Сондықтан жүлде күтіп отырған спортшыларымыздың тәжірибе жинақтағаны өздеріне пайдалы екендерін ұмытпаса дейміз. Әйтпесе Литвин бұған дейін Латвия, Германиядағы жарыстарға қатысқан. Соған қарамастан Қазақстан кубогының екінші кезеңінде бақ сынап отыр. Өзгелерге де бұл жағдай үлгі болуы тиіс.

Тізімге қайта оралу