Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Лошкаревқа бәсекелес табыла ма?

14.06.2017

133
Лошкаревқа бәсекелес табыла ма? Роман Лошкарев өзінің биылғы жоғары көрсеткішін қайталай алмады

Алматылық 20 жасар атлет Роман Лошкарев биіктікке секіруден ел чемпионы атанды. Бірақ, 2,16 метрді бағындырып, спорт шебері нормативін орындағанымен өзінің биылғы жеке рекордын қайталай алған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, қыста Өскеменде өткен жабық кешендегі Қазақстан чемпионатында Лошкаревқа 2,20 метр бағынған болатын. Одан кейін мамыр айында Алматыда ұйымдастырылған Қазақстан кубогында да алматылық атлет сол рекордын қайталады. Алайда, бұл жолы 2,16 метрмен тоқталды. Басты бәсекелесі ақмолалық Василий Счастливый 2,08 метрмен тоқтағаннан кейін бе, аздап босаңсып қалды да, 2,16 метрдің өзін үшінші мүмкіндігінде әзер бағындырып, 2,20 метр биіктікке үш ұмтылса да, секіре алмады. Бірақ, соның өзі Лошкаревқа Қазақстан чемпионы атану үшін жетіп жатыр. Енді ол ұлттық құрамамен бірге 6-9 шілде аралығында Үндістанда өтетін Азия чемпионатына дайындалады. Ал ол жақта бәсекелестік мүлдем басқа деңгейде болмақ.

Қыздар арасында шығыс қазақстандық Регина Қайсарова ел чемпионы атанса, шығыстың тағы бір аруы 19 жасар Надежда Дубовицкая күміспен күптелді. Дегенмен, екеуінің де көрсеткіші 1.80 метр. Тек Регина бұл биіктікті бірінші мүмкіндігінде-ақ еңсерсе, Надеждаға 1,80 метрге секіру үшін үш рет ұмтылу қажет болды.

Биіктікке секіру

Ерлер:

1. Роман Лошкарев (Алматы) — 2,16 м.

2. Василий Счастливый (Ақмола обл) — 2,08 м.

3. Вячеслав Горчаков (ОҚО) — 2,00 м.

Әйелдер:

1. Регина Қайсарова (ШҚО) – 1,80 м.

2. Надежда Дубовицкая (ШҚО) – 1,80 м.

3. Александра Гулякина (ОҚО) – 1,70 м.

Тізімге қайта оралу