Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Малайзиялық атлет Киртана Рамасами – Бұдан кейін Ғұсман Қосановты біліп жүретін боламын

25.06.2017

229
Малайзиялық атлет Киртана Рамасами – Бұдан кейін Ғұсман Қосановты біліп жүретін боламын Малайзиялық атлет Киртана Рамасами (фото: Ізтұрған Алдауов)

Жеңіл атлетикадан Алматыда өтіп жатқан дәстүрлі Ғұсман Қосанов мемориалына Малайзиядан да бірнеше атлет келіп қатысып жатыр. Солардың бірі 19 жасар ару Киртана Рамасами ұзындыққа секіруден де, үш қарғып секіруден де үздік үштікке ілікті.

– Киртана, Қосанов мемориалынан алған әсеріңіз қандай?

– Тамаша. Осындай жоғары деңгейде өтеді деп ойламаған едім. Жақсы ұйымдастырылыпты. Шоудың да элементтері байқалады. Тағы шақырса, келесі жылы қайта келуге дайынмын.

– Мемориалға келіп отырсыз. Жалпы, Ғұсман Қосанов туралы не білесіз?

– Ешнәрсе білмейді екенмін. Бұл менің кемшілігім. Қазір гуглды ашып қарап көрейінші.

– Ғұсман Қосанов – 1960 жылғы Рим Олимпиадасының эстафеталық жарысында күміспен күптелген қазақтың әйгілі желаяғы.

– Рахмет көп! Енді білім жүретін боламын.

– Бұған дейін сіз он күн бұрын өткен Қазақстан ашық біріншілігіне де қатысқан едіңіз. Қосанов мемориалында да үздіктер қатарындасыз. Көрсеткішіңізге көңіліңіз толды ма?

– Көрсеткішіме көңілім толған жоқ. Кішкене алысқа секіруім қажет еді. Дегенмен, үздіктер қатарынан көрінгеніме қуаныштымын. Қазақстандық спортшыға жол беріп қойдым. Жалпы, былтыр жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында мен Мария Овчинниковадан озып кеткенмін. Биыл Марияның көрсеткіштері сұмдық.

– Ендігі жоспарларыңыз қандай?

– Біздің биылғы басты жарысымыз Оңтүстік-шығыс Азия елдері арасындағы жарыс. Ол өз еліміз Малайзияда өтеді. Соған дайындаламыз. Негізі, Ғұсман Қосанов мемориалын біз сол турнирге дайындық ретінде пайдаланамыз.

– Киртана, Малайзия ұлттық құрамасының бас бапкері ресейлік маман Виктор Сотников екен. Ол туралы не айтасыз?

– Бізде бұрын ресейлік мамандар көп болған. Өзім Сотниковтың қарамағында жаттығып жүргеніме үш жылдай болды. Маған қатты ұнайды. Көрсеткіштерім жыл өткен сайын жақсарып келеді.

Тізімге қайта оралу