Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

5

Күн
Джакарта, Индонезия
Марафонда таратылатын бастапқы пакеттерге не кіреді?
Бек Төлеуов  
251

Марафонда таратылатын бастапқы пакеттерге не кіреді?

27 тамызда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық марафоны өтеді.

15 шілдеден бастап қатысушыларды тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін http://scomarathon2017.com сайты арқылы тіркелу керек.Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр (жарнасы – 5 мың теңге), орта қашықтық – 10 шақырым (жарнасы 3 мың теңге).  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар. Бірақ бұл қашықтықтағы орындар шектеулі.

Тіркеуден өткен қатысушыларға 25 және 26 тамыз күні бастапқы пакеттер таратылады. Оны алу үшін халықаралық EXPO көрмесінің MEGA SILK WAY сауда орыны жағындағы автотұрағына келу қажет.

Жұмыс уақыты: 25 тамыз – 14:00- 20:00,

26 тамыз 16:00-22:00-ге дейін.

Бастапқы пакетке арқаға асатын сөмке (сумка), электрондық чипі бар жүгіру нөмірі, «Astana 2017 International Marathon SCO and CICA» деген жазуы бар жейде, ақпараттық бюллетень, демеушілердің арнайы дайындаған сувенир сыйлықтары бар. 

Тізімге қайта оралу