Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

5

Күн
Джакарта, Индонезия
Марафонда жасыл түске бояламыз
284

Марафонда жасыл түске бояламыз

27 тамыз күні елордамыздың ең көрнекті орындарымен өтетін марафонда қатысушылардың барлығына жасыл түсті футболка мен арнайы спорттық рюкзак үлестіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында өтетін ШЫҰ және АӨСШК халықаралық марафонына 2 мыңнан астам отандық және шетелдік әуесқой жүгірушілермен қатар кәсіпқой желаяқтар да қатысады. Марафонға қатысушылар үш қашықтықтың бірін таңдай алады: 2017 метр, 10 шақырым және 42 км.

Марафонға тіркелгендер рюкзактары мен футболкаларын 25-26 тамыз күндері «MEGA Silk Way» ойын-сауда орталығының аймағында «Экспо көрмесінің» автотұрағындағы Ұйымдастыру комитетінің арнайы мерекелік шарасында таратылады.

– Футболка маған өте ұнады. Түсі де әдемі екен, үстіңе де, құдды бір, құйып қойғандай тұрады. Сапасы да жақсы. Марафонға міндетті түрде осы футболкамен қатысамын. Ал рюкзак – заманауи, әрі ыңғайлы көрінді. Марафоннан кейін де фитнеске пайдалануға болады, - деп футболка мен рюкзакқа «Ақтау аруы – 2015» байқауының жеңімпазы Джейран Дурсунова өз бағасын берді.

Жалпы, 27 тамыз күні өтетін ШЫҰ марафонына қатысу үшін www.scomarathon2017.com сайты арқылы тіркелу қажет. 42 шақырымдық жарысқа қатысудың жарнасы – 5 000 теңге, ал 10 шақырымға қатысудың жарнасы – 3 000 теңге. Сондай-ақ, 2017 метрге жүгіруге болады. Бірақ бұл қашықтықтағы орындар шектеулі. 

 

Тізімге қайта оралу