XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

5

Күн
Алматы

19.08.2017

216
Марат Жыланбаев – 54 жаста

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ұжымы әйгілі жиһанкез, барлық сахараны жалғыз жүгіріп өтіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген Марат Жыланбаевты туған күнімен шын жүректен құттықтайды.

Марат Жыланбаев 1963 жылдың 19 тамызында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Еуразия, Африка, Америка, Австралия құрлықтарының шөл далаларын бір өзі жүгіріп шыққан әлемдегі жалғыз адам. Бүгінде Марат Төлегенұлының жеке кәсібі бар.

– Өзімнің тобым бар. Әуесқойларды жүгіруге үйретемін. Жаттығулар күнделікті кешкісін және таңертең өтеді. Күнде таңертеңгілік сағат 3:30-да оянамын, - деп ұялы телефонындағы оятқышын көрсетті Марат Жыланбаев.

Бүгін Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының өкілдері Марат Төлегенұлын арнайы іздеп барып, туған күнімен құттықтап қайтты.

Өз кезегінде аңыз тұлғамызға зор денсаулық, отбасылық береке, қызметте табыс пен абырой тілейміз! Бастаған барлық игі бастамаларыңыз баянды болсын!

Тізімге қайта оралу