Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Марат Жыланбаев: – Марафонға дайындықсыз қатысуға болмайды

08.08.2017

98
Марат Жыланбаев: – Марафонға дайындықсыз қатысуға болмайды Марат Жыланбаев: – Марафонға дайындықсыз қатысуға болмайды

Бүгін әйгілі жиһанкез марафоншы Марат Жыланбаев әуесқой жүгірушілерге 27 тамыз күні Астанада өтетін халықаралық марафонға қалай дайындалу қажеттігі жайлы айтып береді:

– Бүгінде әуесқойларды марафонға үш айда дайындап шығарам дейтін бағдарламалар көбейіп кетті. Бұл дұрыс методика емес. Дұрысы былай: егер сіздің апталық километражыңыз 25 шақырым болса, онда сіз өз денсаулығыңызға еш нұқсан келтірмейтіндей 10 шақырымдық марафонға қатыса аласыз. Егер бір аптада 45 шақырымнан астам қашықтыққа жүгіріп жүрген болсаңыз, онда жартылай марафонға қатысуыңызға болады. Ал егер толыққанды марафонға қатысуды көздесеңіз, ондасіздің апталық километражыңыз 75 шақырымнан кем болмауы қажет. Сондықтан, әрдайым жаттығуды ұмытпаңыз.

      Әлбетте, адам ешқандай дайындықсыз-ақ марафонды жүгіріп өтуі мүмкін. Дегенмен, мұндай тәуекелшілдікдің арты орны толмай қайғыға соқтыруы әбден мүмкін. Бұл сіздің ағзаңызға зиян. Жүрегіңіз мұндай ауыртпалықты көтере алмауы ғажап емес.

      Өзім көрген көптеген жағдайлар бар. Кейбіреулер үш ай дайындалады да марафонға қатыса береді. Одан кейінгі марафонына екі ай ғана уақыт жұмсайды. Үшіншісіне тіпті, бір-ақ ай дайындалады. Сөйтіп, төртіншісіне келгенде «әй, мен үш марафонға қатысып тастадым, маған дайындықтың керегі не» дейді де, жарысқа түк дайындалмай шығады. Ал соңы жаман аяқталып, бұл олардың соңғы марафоны болып жатады. Өлім аузында жатқан жерлерінен дәрігерлердің құтқарып алған кездері де аз емес.

      Бұл нені білдіреді? Ерінбеңіз! Егер нәтиже керек болса, онда еңбектеніңіз. Марафонға үш ай қалғанда дайындықты бастайтындарды жалқау деймін. Әлбетте, ешқандай жаттығуларсыз-ақ жарысқа қатыса аласыз. Дегенмен, денсаулығыңызға әсер етеді. Егер аяғыңыз ауырса сезерсіз, ал жүрек кез келген сәтте ұстап қалуы мүмкін.

«Марафонға дайындық» айдарының келесі бөлімінде Марат Жыланбаев әуесқойларға марафонға бір апта қалғанда қалай дайындалу қажеттігі жөнінде айтып береді.  

Тізімге қайта оралу