Марафонға 5 мыңнан астам адам тіркелді
285

Марафонға 5 мыңнан астам адам тіркелді

Ұйымдастыру комитеті ШЫҰ марафонына онлайн тіркелу уақытының жабылғанын ресми түрде жариялады.

Әу баста ШЫҰ және АӨСШК марафонына 5 000 адам қатысады деп жоспарланған. Алайда, қатысуға ниет танытып отырған спортшылардың саны жоспарланған межеден де асып бара жатыр. Сондықтан, Ұйымдастыру комитеті марафонға онлайн тіркелу кезеңін аяқтау туралы шешім қабылдады.

Әр қашықтық жайлы айтар болсақ, 2017 метрге 3 мыңнан астам, 10 шақырымға 2 мыңға жуық, ал 42 шақырымға 500-дей адам адам тіркеліпті.

Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ және АӨСШК марафоны 27 тамыз күні таңғы сағат 7:30-да басталады. Марафоншылар елордамыздың ең көрнекті жерлері арқылы жүгіріп өтеді. Сөресі «MEGA SILK WAY» ойын-сауда орталығынан басталады.

Тізімге қайта оралу