Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Марапттау рәсімі: Жеңіс тұғырында – Ольга Рыпакова

09.08.2017

Нұрғазы САСАЕВ  
264
Марапттау рәсімі: Жеңіс тұғырында – Ольга Рыпакова Үш қарғып секіруден ХVІ әлем чемпионатының жүлдегерлері – Ибаргуэн, Рохас, Рыпакова. Фото: zimbio.com

ХVІ әлем чемпионатында үш қарғып секіру сайысы жүлдегерлерін салтанатты түрде мараттау рәсімі өтті.

Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Қазақстан жеңіл атлетикасының жұлдызы Ольга Рыпакова шығып, қола медальмен марапатталды. Сонау 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында алтынмен апталған қызымыз содан бері ел қоржынына жүлде салып келеді.

Осы уақыт ішінде Олимпиада ойындарынан – бір алтын, екі қола (негізі, Бейжіңде төртінші орын алған еді); әлем чемпионаттарынан – 1 күміс, екі қола; жабық ғимараттағы әлем чемпионаттарынан – 1 алтын, 1 күміс, Азия ойындарынан – 3 алтын және әр түрлі халықаралық дүбірлі жарыстардан бірнеше жүлде олжалады.

Ал Лондондағы әлем чемпионатында, кеше хабарлағанымыздай, алтын медаль Венесуэла аруы Юлимар Рохасқа бұйырып, күміс жүлдені Колумбия қызы Катрин Ибаргуэн еншіледі. Ольга Рыпакова үшеуі былтырғы Рио Олимпиадасындағыдай үш қарғып секіруден теңдессіз екендіктерін тағы да дәлелдеп шықты.

Әрине, жүлденің бағалысына қол жеткізуге тырыстым. Әйтсе де, қола жүлдеме ризамын. Ең бастысы, биылғы жоспарларымды жүзеге асырып, ең басты сын – әлем чемпионатында медаль алғаныма қуаныштымын, – деді Ольга Лондон төрінде.

Тізімге қайта оралу