Маргарита Мұқашева екі жылдық үзілістен кейін үздік шықты Фото Константин Князевич
122

Маргарита Мұқашева екі жылдық үзілістен кейін үздік шықты

Алматыда Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған дәстүрлі XXVIII Мемориалда 800 метрге жүгіруден ерлер арасында Владислав Григорьев, әйелдер арасында Маргарита Мұқашева топ жарды.

800 метрге жүгіруден екі дүркін жазғы Азия ойындарының чемпионы Маргарита Мұқашева декреттік демалысқа байланысты Рио Олимпиадасының кейін спорттан уақытша алыстап қалғанын бұған дейін жазғанбыз. Бүгін араға 2 жыл салып, Қосанов Мемориалында қайта жеңіске жетіп отыр. Солтүстік Қазақстан тумасы аталған қашықтықты 2:06.02 минутта жүгіріп өтті. Екінші орынға қарағандылық Варвара Лисичкина ие болса, үштікте керекулік Евгения Фандющина бар.

– Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бірақ оңайға соққан жоқ. Бапкерім Александр Дениско екеуіміз жоспарлаған тактикамызды жүзеге асыра алмадым. Тағы 1-2 секундқа жылдам жүгіруге болар еді. Әсіресе, басында баяу қимылдап қалдым. Оның үстіне күннің ыстығы да әсер етті. Енді, әріқарай жұмыс істейміз. Қателіктен сабақ шығарып, Азия ойындарына дайындаламын, – деді Маргарита Мұқашева.

30 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 800 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1. Маргарита Мұқашева (Қазақстан) – 2:06.02 мин

2. Варвара Лисичкина (Қазақстан) – Варвара Лисичкина

3. Евгения Фандющина (Қазақстан) – Евгения Фандющина.

Ерлерден Ираннан келген Амир Моради чемпион атанды. Ол кеше 1500 метрде ешкімге дес бермеген. Екінші орынға тәжік атлеті Одилшох Исматов ие болды. Қола жүлде қырғыз спортшысы Мұсылман Жоламановқа бұйырды.

30 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 800 метрге жүгіру.

Ерлер:

1.Амир Моради (Иран) – 1:49.79 мин

2. Одилшох Исматов (Тәжікстан) – 1:50.02

3. Мұсылман Жоламанов (Қырғызстан) – 1:50.27.

Тізімге қайта оралу