Мария Овчинникова Қазақстанға екінші алтынды сыйлады

08.07.2017

Бек Төлеуов  
77
Мария Овчинникова Қазақстанға екінші алтынды сыйлады

Бүгін Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдео арасында үш қарғып секіруден қазақстандық Мария Овчинникова чемпион атанды.

Жерлесіміз Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың орнын жоқтатпады. 18 жастағы атлет өзінің алғашқы Азия чемпионатында-ақ топ жарып отыр.

Жалпы сайыстың бұл түрінен Қазақстаннан екі спортшы барған еді. Мариядан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Ирина Эктова қатысты. Негізгі бәсекелестік дәл осы екеуінің арасында өрбіді. Шешуі сәтте қарағандылық атлет 13, 72 метрге секіріп чемпион атанса, екінші орын Эктоваға бұйырды. Оның көрсеткіші – 13, 62 метр. Үшінші орынға жергілікті спортшы Шеена Н тұрақтады (13,42 м). 

Бұл Қазақстан құрамасының құрлық біріншілігіндегі осымен екінші алтыны .Бұған дейін 100 метрге жүгіруден Виктория Зябкина жеңіске жеткен еді. Қазіргі кезде қоржында 2 алтын, 2 күміс, бір қол медаль бар. Тағы бір күмісті Ольга Сафронова еншілесе, қола медальды ядро серпуден Иван Иванов алды. 

Тізімге қайта оралу