Мария Овчинникова: Ольга Рыпакова секілді Олимпиада чемпионы болғым келеді ФОТО - Данияр Майлыбаев
334

Мария Овчинникова: Ольга Рыпакова секілді Олимпиада чемпионы болғым келеді

Еліміздің жеңіл атлетикасындағы жас талантты спортшылардың бірі – 18 жастағы Мария Овчинникова. Теміртаулық атлет биыл екі бірдей халықаралық жарыста жүлде еншіледі.

Соңғы жылдары халықаралық ареналарда әлемнің үздік спортшыларымен иық тіресіп өнер көрсетіп, жүлдесіз қайтпайтын жеңіл атлет Ольга Рыпакованың ізін болашақта кім басады деп сұрақ көптің көкейінде жүргені жасырын емес.

Әзірге жастардың арасынан Теміртау қаласының тумасы Мария Овчинникованы айтуға болады. Ол биыл Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті. Мария сары құрлық додасында 13, 72 метрге секірді. Ал жақында Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарында екінші орын алды. Бұл сында тек Олимпада чемпионы Ольга Рыпаковаға жол берді.

Айтпақшы, ол биыл Алматығы Ғұсман Қосановты еске түсіуге арналған халықаралық мемориалда өзінің рекордын үш рет жаңартты.

Мрияның бұған дейінгі жеке рекорды – 13.67 метр болатын. Алматыда қарағандылық бойжеткен алғашқы екі мүмкіндігінде фальстарт жасап, жанкүйерлерін біраз тыпыршытты. Бірақ, одан кейін түлеп сала берді. Үшінші мүмкіндігінде 13.80 сантиметрге секіріп, жеке рекордынан 13 сантиметрге асып түсті. Одан кейінгі екі мүмкіндігінде тағы үш сантиметрден қосты. Ал соңғы мүмкіндігінде 13.94 метрге бір-ақ қарғып, турнирді әдемі аяқтады.


Осы нәтижесінің арқасында Овчинникова үш қарғып секіруден 2017 жылы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты.  

Биылғы жылы жерлесіміздің рекордын тек Беларусь қызы Виолетта Скворцова ғана қайталады. Ол 21 шілде күні Италиядағы турнирлердің бірінде 13,94 метрге секірді.

Алғашқы бестікке сондай-ақ Давислейди Веласко (Куба) – 13.72,   Илионис Гуйаллуме (Франция) – 13.65 және 13,64 метрге секірген Наоми Огбита (Великобретания), Квуджиао Тан (Қытай),Александра Найчева (Болгария) секілді үш спортшы еніп отыр.

Мария Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованы өзіне үлгі тұтады. Сол секілді Олимпиада чемпионы болғысы келеді. 

Тізімге қайта оралу