Мария Овчинникова Тайбэйде қола жүлдені қанағат тұтты
120

Мария Овчинникова Тайбэйде қола жүлдені қанағат тұтты

Тайбэйдегі ашық чемпионатта үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы бәсеке аса тартысты өтті.

Алдағы Джакартада өтетін Азия ойындарындағы бас жүлдеден үміткер

– Паринья Чуаймароенг (Таиланд), Тхи Мен Ву (Вьетнам) және Мария Овчинникова (Қазақстан) жарыс көрігін қыздырды.

Соңғы жылдары сары құрлықта үш қарғып секіруден Ольга Рыпаковадан өзге ешкім 14 метрге секірмеген еді. Таи қызы Паринья Тайбэйге жақсы дайындықпен келіпті. Ол 13.30 метрден бастап, 14,17 метрге дейін жеткізді. Ал жерлесіміз Овчинникова алты мүмкіндіктің екеуін ғана дұрыс пайдаланды. Көрсеткіші – 13.15 және 13.26 метр. Сөйтіп, оған қола медаль бұйырды. Алғашқы халықаралық жарыс үшін Мария үшін жаман нәтиже емес. Вьетнамдық атлет Тхи Мен Ву 13.57 метрмен екінші орынға тұрақтады.  

Тайбэйдегі ашық чемпионат.Үш қарғып секіру.

Әйелдер:

1. Паринья Чуаймароенг – (Таиланд) 14.17 метр;

2. Тхи Мен Ву (Вьетнам) – 13.57 метр;

3. Мария Овчинникова (Қазақстан) – 13.26 метр.

Тізімге қайта оралу