Мария Овчинникова Универсиаданың финалына екінші орынмен шықты
Бек Төлеуов  
274

Мария Овчинникова Универсиаданың финалына екінші орынмен шықты

Тайбэйде өтіп жатқан жазғы бүкіләлемдік Универсиада ойындарында әйелдер арасында үш қарғып секіруден қатысқан Мария Овчинникова финалға шықты.

Бүгін таңғы бағдарламада Мария 13,35 метрге секіріп, іріктеу кезеңін сәтті аяқтады. Қарағандылық атлеттің алдын тек неміс қызы Нили Экхардт орап кетті (13,52 метр).

Финалдық кезең 27 тамызда Астана уақыты бойына 16:20-да басталады. Шешуі бәсекеде 12 атлет өнер көрсетеді.

Сондай-ақ сырықпен секіруші Сергей Григорьев пен Никита Филиппов те финалға өтті. Бұл сайыс түрінде барлығы 22 қатысушы болды. Оның ішінде финалға 12 спортшы жолдама алды.

Сырықпен секірушілердің финалы да 27 тамызға жоспарланған. Басталуы – Астана уақыты бойынша – 16:00-де. 

Тізімге қайта оралу