Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

2

Күн
Дунгань, Қытай

Михаил Литвинге қола жүлде бұйырды

02.05.2017

Бек Төлеуов  
180
Михаил Литвинге қола жүлде бұйырды

Азия Гран-приіне ерлер құрамасынан төрт спортшы барған болатын.  Үш кезеңде жігіттеріміз екі медаль еншіледі.

24 сәуірде өткен Цзиньхуадағы бірінші кезеңде төрт спортшымыз да үздік үштіктен көріне алмады. Ал Цзясиндегі екінші кезеңде үш қарғып секіруден сынға түскен Роман Валиев күміс медаль еншіледі. Соңғы үшінші кезеңде 400 метрге жүгірген Михаил Литвин қола медальға қол жеткізді.

Литвиннен Тайбэйден жанкүйерлер мен мамандар медаль күткені жасырын емес. Өйткені ол алғашқы екі кезеңді төртінші орынмен аяқтаған еді. Соңғы кезеңде өзінің биылғы маусымдағы жеке рекордын жаңартып (47,03 секунд) қола жүлдеге ие болды. Бас жүлде үндістандық Мұхаммед Яхияның қанжығасында кетті. Екінші орынға вьетнамдық желаяқ ие болды.

Үш қарғып секіруші Роман Валиев үшінші кезеңде нәбәрі 15, 83 метрге секіріп, төртінші орыннан әрі аса алмады.

Ядро серпуден сынға түскен Иван Иванов пен биіктікке секіруші Юрий Дергачев үшінші кезеңде өздерінің жеке нәтижелерін жақсартты. Бірақ медальға ілінбеді. Екеуі де өз сайыстарында төртінші орыннан көрінді.

Азия Гран-приі қазақстандық жеңіл атлеттер үшін биылғы маусымдағы алғашқы жарыс болатын. Жерлестеріміз сарықұрлықтың Гран-пирінен 18 медаль жеңіп алды. Оның тоғызы алтын.

Тізімге қайта оралу