Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

20.09.2017

69
Михаил Литвин – қола жүлдегер ФОТО - Данияр Майлыбаев

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында қазақстандық Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден қола жүлдегер атанды.

Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы іріктеу және жартылай финалдық кезеңде жақсы нәтиже көрсеткен болатын. Өкінішке қарай, финалда екі қарсыласына есе жіберіп қойды. Сөйтіп,қола жүлдені қанағат тұтты. Уақыт көрсеткіші – 46,51 секунд.

Бұл қашықтықта Қатардан келген Харун Хассан жеңіске жетті. Екінші орын Мавтан Алиасеннің (Сауд Арабиясы) еншісінде.

Жабық кешендегі Азия ойындары. Ашхабад, Түркіменстан.

Жеңіл атлетика. 400 метрге жүігру, ерлер. Финал

1.    Харун Хассан (Қатар) – 45,68 с

2.    Мавтан Алиасен (Сауд Аравияс) – 46,35 с

3.    Михаил Литвин (Қазақстан) – 46,51 с.

 

 

Тізімге қайта оралу