Михаил Литвин Рига кубогында үшінші орынға ие болды

Михаил Литвин Рига кубогында үшінші орынға ие болды

Латвия астанасында өткен Рига кубогында 400 метрге жүгірген Михаил Литвин қола жүлдегер атанды.

Жерлесіміз «Даугава» стадионында былтырғы үздік нәтижесін қайталауға жақын болды. 2017 жылы Тайбэйдегі Универсиада ойындарында Литвин 400 метрді 46.40 секундта жүгірген. Бұл жолы Рига кубогында Солтүстік Қазақстан облысының тумасы аталған қашықтықты 46.51 секундта бағындырды.Егер 22 жастағы атлет осы қарқынын жалғастырса, жазғы Азия ойындарына дейін спорттық бабына толық енеді.

Бұл жолы Рига кубогына кубогына Литвиннен бөлек, АҚШ, Португалия, Ұлыбритания және Латвияның спортшылары қатысты.

Рига кубогы. 400 метрге жүгіру

Ерлер:

1.      Патрик Лиипер (АҚШ) – 45.37;

2.      Янис Леитис (Латвия) – 46.08;

3.      Михаил Литвин (Қазақстан) – 46.51.

Тізімге қайта оралу